Ақмола облысында суға батқан балықшылардың екіншісінің денесі табылды
Ақмола облысында суға батқан балықшылардың екіншісінің денесі табылды
Ақмола облысында суға батқан екінші балықшының денесі табылды.
«Астана су қоймасында балық аулау кезінде суға батып кеткен Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынының денесі табылды. Ер адамның денесін құтқарушылар сағат 18:10 шамасында жағадан 500 метр жерден тереңдігі 1,5 метр судың түбінен алып шықты», - деді ведомстводан.
Қазанның 10-да Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кеткен болатын.