Грэпплингтен әлем чемпионатына барған бір топ жас спортшы әуежайда қалып қойған
Грэпплингтен әлем чемпионатына барған бір топ жас спортшы әуежайда қалып қойған
Грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға бара жатқан бір топ жас спортшы Италияның Милан қаласының әуежайында қалып қойған. Осы орайда еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мән-жайды түсіндірді. Әлеуметтік желі қолданушысы Қазақстан атынан грэпплингтен әлем чемпионатына ұшып бара жатқан бір топ жас спортшының Милан әуежайында қалғанын айтты. Жазба авторының айтуынша, Миланнан әрі қарай ұшуға тиіс спортшылар әуе рейсінің ауыстырылуына баланысты жолда қалып қойған. Аталған жайтқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсінік берді.
«Қазір Испанияда (Понтеведра қаласында) грэпплингтен жастар, кадеттер және ересектер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Біз жаттықтырушымен байланысқа шықтық, оның айтуынша, команда мүшелеріне авиатасымалдаушының ауысқаны туралы ақпарат берілмеген. Сонымен қатар әуе компания ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпаған. Жоспар бойынша спортшылар Милан – Барселона – Виго рейсімен ұшуы керек еді. Іске консулдық өкілдері араласып, қажетті көмек көрсетті. Спортшылар дін-аман, олар қазір жарысқа қатысып жатыр», - деп жауап берді аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Гауһар Омарбек.