Астанаға Иран президенті Ибрахим Раиси ұшып келді
Астанаға Иран президенті Ибрахим Раиси ұшып келді
256
оқылды
Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Бұл туралы  Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі өңірдегі ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Сондай-ақ саммитке бақылаушы мемлекет – Беларусьтің президенті қатысады.