Бір жылда жастар арасында шылым шегетіндер саны көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Сауалнамаға қатысқандардың 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%). Ер адамдардың 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%).
Респонденттердің 16,6% күн сайын, 3,8% оқта-текте шылым шегеді.
Темекі түтінінен өз үйінде зардап шегіп жүрген тұрғындар үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) шылым шекпейтін адамдар.