Вьетнамның вице-президенті Тоқаевқа екі ел арасында әуе қатынасын ашу туралы айтты
Вьетнамның вице-президенті Тоқаевқа екі ел арасында әуе қатынасын ашу туралы айтты
Фото: akorda.kz
210
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.    width= Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскені және екі ел арасында әуе қатынасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады. Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.