Владимир Путин Астанаға келді
Владимир Путин Астанаға келді
Фото: vladivostok.bezformata.com
535
оқылды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин саммитке қатысу үшін Астана қаласына келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ресей президентін әуежайдан Премьер-Министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. Бұған дейін Астанада Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан президенті Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленісті талқылайтынын хабарлаған болатынбыз.