Premium жазылымға қосылғандар WhatsApp-тағы өздерінің байланыс сілтемесін үш ай сайын өзгерте алады. Бұл туралы Aikyn.kz gadgets360.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. WhatsApp Premium Subscription жедел хабар алмасу және қоңырау шалу қызметі әлі ресми түрде іске қосылмаған. Дегенмен ол енді бета-нұсқада пайдаланушыларға қолжетімді.
Бета-нұсқа дегеніміз - жаңа өнімнің эксперименталды нұсқасы. Мұндай нұсқа жаңа өнімді сатылымға шығармас бұрын кемшіліктерін анықтау мақсатында сарапшылар арасында таратылады.Мамандар байқаған кемшіліктер түзетіліп, кейін жаппай сатылымға ұсынылады. [caption id="attachment_222139" align="aligncenter" width="1220"]
WhatsApp-тың Premium қолданбасының ақылы нұсқасында бір есептік жазбаға 10 құрылғыны тіркеуге болады. Осылайша, компания қызметкерлері бизнес тіркелгісіне қосылып, оны басқарады. 32 қатысушыға дейін бейнеконференция жасайды.Бета тестілеу енді ғана басталғандықтан, WhatsApp әлі ресми мәлімдеме немесе хабарландыру жасаған жоқ. Сондықтан жаңа жазылым қызметінің бағасы немесе іске қосылу мерзімі әлі белгісіз.