Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жалған ақша жөнелткен бір топ адам сотталды
Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жалған ақша жөнелткен бір топ адам сотталды
Фото: ҰҚК
395
оқылды
Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Тергеу барысында олардың аса үлкен көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы барлығы дәлелденді.    width= Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған. Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды. Кінәлілер 9 жылдан бастап 17 жылға дейін ұзақ мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қолданылған шаралар еліміздің экономикалық әлеуетіне келтіретін залалды жоюға және қылмыстық ахуалды жақсартуға тиімді әсер етті.