Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы саммитте табиғи апаттардың ауыр зардабы тиюі мүмкін екенін айтты.
«Үшінші, экологиялық өлшемнің маңызы арта түсті. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді.
2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратты. Осындай қиын кезде біз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәлізін қалыптастыруды талап ететінін айтқан болатын.