Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Ақылбек Күрішбаев жұмыс ауыстыруына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату  туралы өтініш жазған. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарады.

«Сенат депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев міндеттерін атқаруды өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Депутаттар аталған қаулыны қабылдады. Ақылбек Күрішбаев енді жаңадан ашылатын заманауи ғылыми-зерттеу институтты басқарады. Ақылбек Күрішбаевқа Сенат төрағасы ризашылық білдіріп, алғыс айтты. Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұған дейін Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда 5,5 миллион гектар ең құнарлы жерді 21 адам иеленіп отырғанын айтқан болатын.