Автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысып, жолаушы қаза тапты – видео
Автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысып, жолаушы қаза тапты – видео
Фото: polisia.kz
293
оқылды
Түркістан облысында автобус пен ГАЗель көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тасжолында Газель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апатынан жолаушы, Түркістан қаласының тұрғыны көз жұмды. Жарақат алған 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді.   https://youtu.be/6ZBb248ksBk Факті ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Қарсы бағытқа шығып кеткен ГАЗель көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.