Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген күдікті анықталды

Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген күдікті анықталды
Фото: orda.kz

Алматыда 42 жастағы заңгер әйелді пышақтап кеткен. Ауыр жарақат алған әйел ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, оқиға 8 қазанда сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында болған. Пышақ жарақатын алған әйел ауруханаға жеткізілген. 1980 жылы туған А. есімді әйел 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алмақ. Тергеу барысын ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығы жіті бақылайды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.