Астанада такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан – видео
Астанада такси жүргізушісі есірткі сатумен айналысқан – видео
Фото: polisia.kz
2,576
оқылды
Такси жүргізушісі көлікті жалға алып, Астанада есірткі сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Polisia.kz-тің мәліметінше, «Қарасора» іс-шарасы аясында полицейлер Астанада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалына тосқауыл қойды. Қапал көшесінде есірткі сатқаны үшін Lada Granta көлігінің 20 жастағы жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша, жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Ол арнайы жолақпен жүрген, бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған. Тінту барысында, көлікте жүргізуші орындығының астынан сатуға дайындалған, жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис салынған 35 полиэтилен пакеті табылды.   https://youtu.be/tdFffuXD1Xs Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылында полицейлер 29 жастағы Toyota Brevis автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Тексеру кезінде көліктен салмағы 190 грамм мефедрон табылды. Арнайы операция жүргізу кезінде полицейлер бір доза есірткі салынған пакеттердің 1000-нан астамын тәркіледі. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.