«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау жалғасуда. Ақмола облысындағы партия мүшелерінің пікірінше, алдағы Президент сайлауы елдің болашағын шешеді, сондықтан көпшілік оған үлкен үміт артып отыр.
«Біз халық сайлаған Президент халықтың мүддесін қорғайды және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істейді деп сенеміз, сондықтан да сайлауға белсенді қатысамыз. Мұғалімдерге келетін болсақ, көп оң өзгерістер жасалды. Дегенмен елімізде мұғалім мамандығының беделін арттыру үшін әлі де атқарылар жұмыстар баршылық», – деді Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ибраев.
«Өзімді саясатта сарапшымын дей алмаймын, бірақ кандидаттың бірден бірнеше партиядан ұсынылуы біздің қоғамның бұрын-соңды болмаған бірлігін айғақтайды. Пікірлер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ еліміз бір», – дейді мектеп мұғалімі Лунара Жалелова.
«Еліміздегі Президент сайлауы – бұл дер кезінде өтіп отырған іс-шара. Еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын, Қазақстанды Тәуелсіз мемлекет ретінде дамытудың маңыздылығын түсінетін әрбір қазақстандықты өз таңдауын жасауға шақырамыз. Белсенді болып, дауыс беруге келіңіздер», – деді ол.