Жәнібек Әлімханұлына «Канеломен» жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс түсті
Жәнібек Әлімханұлына «Канеломен» жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс түсті
(Photo by Steve Marcus/Getty Images)
733
оқылды
Америкалық журналист Аурелио Морено өзінің YouTube арнасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) титулдық перспективасы туралы пікірімен бөлісті, –  деп хабарлайды Stan.kz. Журналистің мәлімдеуінше, егер Жәнібек Әлімханұлы шын мәнінде лайықты жекпе-жекке шыққысы келсе, 168 фунт дәрежесіне көтерілуі тиіс. Өйткені дәл қазір 160 фунтта сес көрсетерлік қарсылас жоқ.  
Головкин мен Чарло бар, бірақ екеуі де Әлімханұлына қарсы бақ сынағысы келмейді. Кім біледі, бәлкім, қазақстандық спортшы Бентлимен жекпе-жектен кейін Андраде, Бенавидес, Моррель, «Канеломен» күресу үшін супер орта салмаққа көтерілетін шығар. Бұлар бокс аренасындағы беделді тұлғалар және олармен жекпе-жекке шығу 160 фунт салмақта айқасуға қарағанда қомақты қаржы әкеледі. Сондықтан Әлімханұлына 160-та ғана емес, 168 фунтта шығуға кеңес берер едім, – дейді Морено.
Естеріңізге сала кетейік, қазір  Жәнібек Әлімханұлы –  WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.