Краншы әйелді зорламақ болған ер адам биіктен құлап, көз жұмды
Краншы әйелді зорламақ болған ер адам биіктен құлап, көз жұмды
© kazlenta.kz
Оны зорлауға ұмтылып жатқан жерінен полиция ұстамақ болған, – деп хабарлайды Экспресс К.
Сұмдық жағдай бейнеленген видео таңертеңмен мессенджерлер арқылы тарай бастады. Бейресми ақпаратқа қарағанда, биік кранды жүргізіп отырған әйелді әлдебір адам зорламақшы болыпты. Келіншек өзіне қауіп төнгені туралы полицияға хабар берген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетіп, күдіктіні ұстау үшін биікке көтеріліпті.
Қашарға жер таппаған еркек не істерін білмей, кранның үстіне шығып кетпекші болады. Сол кезде аяғы тайып, құлап кеткен. Алғашқыда бұл жағдай Ақтөбе қаласының Батыс-2 ықшамауданында болды деген ақпарат шықты. Алайда облыстық ПД өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Кей деректерге қарағанда, қайғылы оқиға Ресейде болған секілді.