Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Асылжан Бектай алтын медаль иеленді

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Асылжан Бектай алтын медаль иеленді

Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды, – деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы. Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 165 келімен күміс медаль алса, кейін 197 кг тасты серпе көтеріп, алтынға қол жеткізді. Жалпы есепте 362 келіні еңсерді. Күмісті Асылжаннан небәрі бір келіге қалып кеткен қырғыз Эмиль Молдодосов (361 кг) жеңіп алса, қола ирандық Масуд Шатраиге бұйырды (358 кг). Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Кирилл Староверкин жалпы есепте 330 келімен (153+177) 7-орынға тұрақтады.