Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
310
оқылды
Бүгін кешкі сағат 17:30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 6 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша 28 жастағы Mercedes жүргізушісі Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 69 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген. Одан әрі басқарудан айырылып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.  width= Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, олардың 4-уі кәмелетке толмағандар. Әртүрлі жарақаттармен зардап шеккен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 10 адам болған, оның 7-уі кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайларды анықтауда. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.