Елордада такси жүргізушісі есірткі саудасымен айналысқан
Елордада такси жүргізушісі есірткі саудасымен айналысқан
355
оқылды

Көлікті жалға алған такси жүргізушісі елордада есірткі сатумен айналысқан.

Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астана қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізу арналарын жойды. Мәселен, Қапал көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін 20 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан. Ол арнайы жолақпен жүрген, бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған. Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан сатуға дайындалған, жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды https://www.youtube.com/watch?v=tdFffuXD1Xs&feature=emb_title