Полицейлер бір күнде халықаралық іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады
Полицейлер бір күнде халықаралық іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады
Фото: orda.kz
551
оқылды
Бүгін көлік полицейлері шекара қызметімен бірлесіп «Тбилиси-Астана» бағытындағы әуе рейсі ұшып келісімен 42 жастағы Грузия азаматын ұстады. Оған 2021 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының Иркутск аудандық сотының қаулысымен РФ Қылмыстық кодексінің 264-бабының 5-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Дәл осы күні халықаралық іздеуде жүрген тағы бір адам «Алматы-Мәскеу» бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде ұсталды. Күдікті Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 1-бөлігі, яғни алаяқтық бойынша халықаралық іздеуде болған. Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалған.