Графолог: Жазу – адам жанының айнасы
Графолог: Жазу – адам жанының айнасы
1,041
оқылды
Адамның жазуына қарап, оның ішкі әлеміндегі қайшылықтарды қалай білуге болады? Жазуы арқылы «сенімді адамды» табу қаншалықты мүмкін? Өміріміздегі өзгерістер біздің жазуымызға қалай әсер етеді? Ал жазуымыздағы кей детальдарды өзгерту арқылы миымызға команда беруге бола ма? Осы және басқа да қызықты мәселелер жайында графолог, клиникалық психолог, Қазақстандағы Жазуды зерттеу орталығының басшысы Лариса Когаймен сұхбатымыз барысында әңгімелестік. жазу Лариса Когай – Лариса, адам жазуын талдап, зерт­теуге деген қызығушылығыңыз қа­лай оянды? – Кездейсоқ десем де болады, бір күні Ресейдің Санкт-Петербор қа­ласындағы «Панакия» психология ор­талығына жолым түсті. Шеберлік сы­ныбын Санкт-Петербор мем­ле­кет­тік университетінің оқытушысы, фи­лософия ғылымдарының док­то­ры Кравченко жүргізіп, гра­фо­ло­гия­лық талдаудың мүмкіндіктері мен әдістері жайлы әңгімелеп бер­ген болатын. Әлі есімде, сол күні Пуш­кин, Толстой, Достоевский жә­не басқа да классиктердің жазуын талдадық. Жазуына қарап, адамның ішкі әлемін тануға болатынын сол кезде түсіндім. Бұдан соң гра­фо­ло­гия курстарына қатыстым. Бірақ әлі де бұл бағытта тереңірек оқып, гра­фо­лог мамандығын алғым келді. Сөй­тіп, Израильдегі Инесса Гол­д­берг­тің графоталдау институтының Мәс­кеудегі филиалына оқуға түсіп, тә­мамдап шықтым. – Сонымен, адамның жазуына қарап, оның жан дүниесінде не болып жат­қанын қалай білуге болады? – Адамның миы жүйке жүйесі ар­қылы өзге органдарға, оның ішін­де жазу барысында қолға да сиг­нал­дар жібереді. Ұсақ моториканың кө­мегімен адамның саналы және бейсаналы аспектілері қағазға тү­се­ді. Графологиялық талдау – адам­­ның жазуына қарап оған пси­хо­ло­гиялық диагностика жүргізу әдісі. Бұл әдіс арқылы оның мықты және әлсіз тұстарын, потенциалды мүм­кін­діктері мен шектеулерін, туабітті жә­не жүре келе қалыптасқан ерек­ше­­­ліктерін, құндылықтарын, тем­пе­раментін және жүйке жүйесінің типін анықтауға, сондай-ақ оның іш­кі қайшылықтарын түсіндіруге бо­лады. Жазудың макро және мик­ро құрылымы бар. Макроқұ­ры­лым­ды талдай отырып, графолог әлгі кі­сінің қоршаған ортамен қан­ша­лық­ты үйлесімде өмір сүретінін біле ала­ды. Ал микроқұрылымға талдау жа­сау оның ішкі әлемінде не жа­сыру­лы тұрғанын, яғни ойларын, се­зі­мін, мотивтерін, уайымын, комп­лекстерін, үрей-қорқы­ны­шын, өзін-өзі ба­ға­лаудағы проб­ле­маларын, не­ден ұялатынын көру­ге мүмкіндік бе­реді. Былайша айт­қанда, адамның жа­нына үңілесің. Графологиялық тал­дау қалай жасалады де­генге келсек, біз жазудың сы­зық­тарына қараймыз: сызықтар дөң­гелене жүргізілген бе, бір-бірі­нен ажырамай, жалғасып кеткен бе, әлд­е бөлек-бөлек орналасқан ба, кей­бір элементтерінде діріл бар ма, адам қаламның ұшын қағаздан ал­май қаншалықты ұзақ және қан­ша­лықты басып жазған – осының бәрі­не мән береміз. Әлбетте, барлық де­тальді жекелей емес, бірге қа­рас­тырамыз: жазудың жылдамдығы да, қоз­ғалысы да, тез немесе баяу оқылуы да, шимайлануы да, ебе­дей­сіз­дігі де ескеріледі. – «Қауіпті» жазу қандай болады? – Жазудың микроқұрылымында әлдебір проблема бар болса, құдды адам­ның қолы өзіне бағынбай­тын­дай әсер қалдырады. Бұл жерде әң­­гіме жазудың тартымсыздығында емес, оның қисынсыздығында: әріп­тердің көлбеулігі, өлшемі мен ара­қашықтығы бірқалыпты бол­май­ды, орынсыз бос кеңістіктер кез­деседі, сызықтарда діріл, әріп фо­р­масында артық детальдар бола­ды немесе жазу оқылымды болмауы мүмкін. жазу Анық емес немесе тым қатты ши­майланған түзетулерді де осыған жат­қызуға болады. Егер лупамен қара­сақ, сызықтардың кенеттен үзі­ліп қалғанын, басып жазып келе жа­тып оқыс өзгерістер болғанын бай­қаймыз. Дұрысында, адам штрих­тің төмендейтін тұсында ба­сып жазады да, жоғарылайтын же­рінде қаламның күшін әлсіретуі ке­рек. Тым қатты басып жазу немесе ке­рісінше, болар-болмас әлсіз күш­пен жазу (мұны қағаздың екінші жа­ғын сипалап тексереміз) да адам­ның ішкі әлеміндегі қайшы­лық­тар­ды білдіруі ықтимал. – Әріптер оның мінез-құлқы ту­ра­лы қандай ақпарат береді? – Біз адамның әріп формасын қа­лай жасағанын, қалай әше­кей­ле­генін, әріптің бұрыштарын, тік сы­­­зықтарын қараймыз. Мысалы, әріп­те тік сызықтар мен бұрыш­тар­дың көп болуы, кенеттен біркел­кі­лік­тің жоғалуы және олардың жыл­дам әрі қатты басылып жазылуы адам­ның агрессия мен конфликтіге бейім екенін білдіреді. Егер әріптің бұ­рыштары мен тік сызықтары бо­лып, бірақ айқын, көзге ұрып тұр­ма­са, онда бұл адамның орынды кри­тикаға жақын екенін, ішкі ер­кін­дігі мен өзін-өзі басқаруында дұрыс баланс барын көрсетеді. – Қазір қоғамда суицид пробле­масы ушығып тұр. Өлер алдында жа­зылған хаттарға қарап, адамның бұл қадамға өзі барғанын, жоқ әлде біреу итермелегенін анықтауға бола ма? – Адамның ондай хаттарды жазу барысында қаншалықты үрейлі күй­ді бастан кешіргенін, оның ауыр моральды жағдайын білуге болады. Мұндай болжам жасау үшін терең гра­фологиялық талдау жасау қажет: хат­тың психомоторлы стереотипін са­лыстыру үшін әлгі адамның күн­делікті жазуын мұқият зерттейміз. – Сіздің қызметіңізге көбіне кім­дер жүгінеді? Өз тәжірибеңізде қан­дай қызық жайттармен бетпе-бет кел­діңіз? – Өз әлеміне үңілгісі келетін, іш­кі қайшылықтарын шешкісі ке­ле­тін адамдар жүгінеді. Кейде адам өзі­нің белгілі бір іс-әрекеттерді не­лік­тен жасайтынын түсінбейді. Әдет­те ата-анасынан, ортасынан сіңір­ген әртүрлі түсініктері адамның өзін-өзі бағалауына, сеніміне, құн­дылықтары мен мотивтеріне ықпал етеді. Графологтың міндеті – адамда бел­гілі бір оқиғалардың неліктен бо­лып жатқанын түсіндіру. Жұптық консультациялар да болады. Кейде некедегі кісілер әртүрлі «тілде» сөй­леп, бірін-бірі түсінбейді, мақсаты мен міндеттері сәйкеспеуі мүмкін. Гра­фологияда «тұлғаның даму дең­гейі» деген ұғым бар, осы бойынша да әртүрлі деңгейде тұруы ықтимал. Одан бөлек, адамға қаншалықты сену­ге болады – соны да білгісі ке­ле­тіндер бар. Мұндай талдауды үшін­ші тараптағы адамға, мәселен, жұ­мысқа алғысы келіп жатқан бала кү­тушіге, жеке жүргізушіге, үй қыз­мет­шісіне жасатады. жазу Кәсіптік бейін мәселесінде де гра­фологиялық талдау жақсы кө­мек­теседі. Жазуға қарап, адамның туа­бітті бейімділіктерін анықтауға бо­лады. Осыған байланысты тә­жі­ри­бемдегі бір мысалды айта кетейін. Бірде маған консультацияға анасы мен қызы келді. 24 жастағы қызы тех­­­никалық ЖОО-ны бітірген екен, ма­мандығы – бағдарламашы. Ма­ман­дығы сұраныста әрі жалақысы жо­ғары болғандықтан, кезінде ата-ана­сы таңдап беріпті. Консультация ке­зінде әлгі қыздың динамикаға, эмоцияға, адамдарға жақын екені белгілі болды. Сөйтсек, шынында қыз­ға IT саладағы жұмыс ұнамапты. Се­несіз бе, қазір ол – «Стэп» би ан­сам­блінің жетекшісі. – Есейген сайын немесе өмірі­міз­дің әр кезеңінде біздің жазуымыз да өз­геріп отырады. Мұның себебі неде? – Адам жазуының қалыптасуы үш негізгі сатыдан тұрады. Бірінші саты – бастауыш сыныпта жазу ма­шы­ғын саналы түрде үйрену, екінші са­ты – жазуда автоматтылықтың қа­­­лыптасуы (бұл әдетте жоғары сы­нып­тарда болады), үшінші саты – гра­фикалық кәмелетке жету, бұл шамамен 14 жастан кейін келеді. Дәл осы кезеңде әр адамға тән жазу қа­лыптасады, стандарттардан ауыт­қушылық осы кезде байқалады. Ен­дігі уақытта жазу бейсаналы маз­мұнға ие. Біз өмір бойы өзгереміз, әр­түрлі ситуацияларды, дағдарыс­тар­ды, стресті бастан кешеміз. Олар­­дың әрбірі бізге белгілі бір ин­­сайттар береді, сәйкесінше, жа­зуы­мыз да өзгереді. Жазуды нәзік ба­ро­метр дейтініміз – сондықтан. – Ал осы механизм кері қарай жұ­мыс істей ме? Яғни, жазуымызды өз­герту арқылы өмірімізге бір өз­герістер енгізуге бола ма? – Иә, штрихтар мен сызықтарды бас­қаша етіп жаза отырып, өмірі­міз­дегі белгілі бір тұстарды өзгертуге бо­лады. Графологияның графотера­пия деген саласы бар, онда маман, мы­салы, біреуге қатты басып жаз­бай, қаламның күшін бәсеңдетуге, кей­біреуге керісінше қаттырақ ба­сып жазуға, сызықтарын жіңіш­кер­туге, кейбіреуге жуандатуға кеңес бе­ре­ді. Бұл қалай жұмыс істейді? Бұл психотерапиялық кешен «кері байланыс» эффектісіне негізделген, процесс барысында үйреншікті ав­томатты реакцияларды өзгерту үшін ұсақ моторика арқылы миға ықпал ету көзделеді. Осылайша, арнайы жазу жаттығуларын орындай оты­рып, сіз өзіңіздің бейсанаңызға жол тауып, үйреншікті реакцияларыңыз­ды өзгерте аласыз. Мәселен, қолмен хат жазғанда адам жазуды тоқтатқаннан кейін де пси­хика әлгі жазылған дүниені ұзақ өң­дейді. Мұнда хат жазу психикалық про­цестерді іске қосатын алғашқы қа­дам болып тұр. – Қызықты әрі пайдалы әңгі­меңіз­ге көп рақмет!