Түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде
Түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде
Фото: Интернеттен алынды
Бұл туралы Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. Қазіргі күні Қазақстанда және Евразиялық, Кедендік Одақ елдерінде түйенің күл ауруына қарсы вакцина өндірілмейді. Бұл жағдай осы ауруды түпкілікті жою шараларын іске асыруға кедергі келтіріп отыр. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ауруға қарсы жаңа вакцинаны жасап шығарды. 2020 жылдың ақпан айы басталғалы бері ғалымдар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы шаруашылықтарында жаңа вакцинаны өндіріске енгізу алдындағы сынақ жұмыстарын жүргізуде. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы