Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді

Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды.   Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде. Сонымен қатар С.Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.