Қостанайда жалған 28 мың долларды сатпақ болғандар ұсталды
Қостанайда жалған 28 мың долларды сатпақ болғандар ұсталды
Фото: rosbalt.ru
156
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Агенттіктің мәліметінше, облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген бір топ адам Рудный қаласында ұсталды. Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды. Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты. Күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды.