TikTok-тағы челленджді қайталаған оқушы ауруханадан бір-ақ шықты
TikTok-тағы челленджді қайталаған оқушы ауруханадан бір-ақ шықты
555
оқылды
Қонаев қаласының оқушысы TikTok-та тараған челленджді қайталамақ болып, ауруханаға түсті. Алматы облысының Қонаев қаласындағы бір мектептің басшылығы оқушыларды әлеуметтік желіде тараған ойынды ойнағаны үшін жауапқа тартты. Ойынның аты «Собачий кайф». Ойын ережесі  бойынша оқушылар бір-бірін есінен танғанша қылқындырады. Артынан балалар қайта есін жинайды. Міне, сондай әдіспен 10 қазанда бір топ жасөспірім өздерінің бір сыныптасын өлтіріп ала жаздады. Есінен танған бала, екі тісінен айырылып қалған. Мектеп директорының айтуынша, 8-сынып оқушылары TikTok-тағы челленджді қайталамақ болған. Негізі бұл ойын бұрыннан әлеуметтік желі де жүр, жаңарып шыққан болар дейді. Ал бұл жағдайды естіген балалардың ата-аналары шошып, мекеме әкімшілігін жауапқа шақырған.
Бұл оқиға мектеп аумағында болғандықтан, бәрін бақылауымыз керек еді. Біздің қателігіміз, мойындаймыз. Оқушыларымен сөйлесіп, олардың Tik Tok-тағы трендті қайталамақ болғанын білдік. Сонымен қатар, зардап шеккен балаға ойынға қатысқан оқушылардың ата-анасы материалдық көмек беруге дайын, деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мақпал Байжанова.
Полицияның мәліметінше, іс бақылауға алынған. «Осы факті бойынша білім бөлімі оқушыларды қадағаламағаны үшін №5 орта мектеп директорының міндетін атқарушы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартты. Жәбірленуші мен оның сыныптастары мектепішілік есепке алынды», - деді Мемлекеттік құқықтық тергеу бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Турлина. https://www.youtube.com/watch?v=vrijFl8hRoc&t=18s