Солтүстік Қазақстанда маскүнемдердің есебіне тіркелгендердің әрбір бесіншісі – әйел
Солтүстік Қазақстанда маскүнемдердің есебіне тіркелгендердің әрбір бесіншісі – әйел
Фото. Интернеттен алынды
176
оқылды
Солтүстік Қазақстан облыстық Психикалық денсаулық орталығының мәліметінше, алты мыңға жуық адам маскүнем ретінде наркологиялық орталықта есепке алынған. Қазіргі таңда өңірде спирттік ішімдіктерге әуес 5 675 адам тіркеуде тұр. Бірақ мамандар бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда төмен екенін айтады. Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Елена Шарабар: «2019 жылы орталықта 5 675 адам есепте тұрса, 2018 жылы 5 768 адам болатын. Орталықтың тіркеуінен талаптар орындалған жағдайда ғана есептен шығарылады. Ол үшін тіркеудегі емделуші ай сайын психиатр-наркологқа қаралуы тиіс. Спирттік ішімдіктен бас тартып, емін жалғастыруы керек. Сондай-ақ психологиялық көмек алуы тиіс», – дейді. Қазір орталықта 5 мыңнан астам адам есепте тұрса, соның мыңнан астамы – әйелдер. Араларында бала да бар. Өкініштісі, 24 жасөспірім наркологтың бақылауында емделеді.