Қазан айының соңына дейін WhatsApp мессенджері ескірген құрылғыларда жұмысын тоқтатады. Ескі гаджет иелеріне компанияның шешімін қабылдауға тура келеді, – деп Prime агенттігіне сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды. Қарашадан бастап әлеуметтік желі iOS 10 және 11 қолдайтын модельдерде жұмыс істемейтінін және оларды қолданушылар операциялық жүйені iOS 12 нұсқасына дейін жаңарту қажеттігін vvCube консалтингтік тобының бас директоры Вадим Ткаченко айтқан.
Сарапшы iPhone 5 және iPhone 5C смартфондарының иелері мессенджерден толығымен бас тартуы керек. Өйткені, бұл модельдер үшін жаңартулар тоқтатылғанын ескертеді.[caption id="attachment_222382" align="aligncenter" width="1219"]
«Техникалық аспект: егер деректерді тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі болмаса, оған заңмен тыйым салынуы мүмкін», – деп түсіндірген vvCube сарапшысы.[caption id="attachment_222383" align="aligncenter" width="1220"]
Кәсіпкердің бұл мәлімдемесі екі компания арасындағы бітіспес бәсекені көрсететін имидждік қадам деп бағамдауға болады.Ескерте кетейік, WhatsApp – Meta компаниясына (бұрынғы Facebook) меншігіндегі сервис. Ол хабарларды, қоңырауларды, фотосуреттер мен видео, аудио файлдарды, құжаттарды және дауыстық хабарламаларды жіберуге және қабылдауға мүмкіндік береді.