Егіз Қасым мен Жомарт Президентпен кездесуді армандайды
Егіз Қасым мен Жомарт Президентпен кездесуді армандайды
Фото: inbusiness.kz
857
оқылды
Егіз Қасым мен Жомарт Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 8-сыныбында оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Inbusiness.kz-тің дерегінше, екеуі үйінің үлкені, Іңкәр мен Кәусар есімді қарындасы бар. Бұл есімді егіздерге әжесі қойған. Туғанда Қасым 3 келі 200 гр, ал Жомарт 2 келі 800 гр болған екен. Зерек балалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Математика пәнін жақсы көреді. Екеуі де сандарды қосып-алуға жүйрік. Бос уақытында бокспен айналысады.    width= Екеуі де болашақта дипломат болғысы келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді армандайды.
«Балалар әрдайым ізденісте жүреді. Білім жарыстарына, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мінезі байсалды, айналасындағы адамдармен тез тіл табысады. Қасым-Жомарт Тоқаев теледидардан сөйлегенде әр сөзіне мән беріп тыңдауға тырысады. Үлгі тұтады. Көп тіл білу үшін қосымша үйірмелерге қатысып, ағылшын тілін жетік меңгеріп жүр. Болашақта француз, қытай тілдерін үйренгісі келеді», – дейді егіздердің әкесі Ерлан Мәуленов.