Қазақстандық журналист қайтыс болды
Қазақстандық журналист қайтыс болды
Фото: goodfon.ru
Қаралы хабарды «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Асыл Сағымбеков растады. Журналист Татьяна Костина 67 жасында өмірден өтті.  Ол ұзақ жыл БАҚ-та еңбек етті. Татьяна Васильевна Костина – 2003-2017 жылдары «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. «Құрмет» ордені, «Еңбек ері» және «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталып, «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты атанған.