Кванттық желілер алдағы 10-15 жылда мемлекеттердің цифрлық егемендігін айқындайтын болады. Кванттық қорғау жүйелерінен мәліметтерді ұрлау немесе оларды бұзу мүмкін болмайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ресейлік Ведомости басылымының жазуынша, кванттық жүйе өзін өзі құпия шифрлау кілттерімен қамтамасыз етеді. Содан кейін екі әңгімелесуші арасында екі кездейсоқ сан таңдалады. Фотондардың арқасында екі тарап бұл сандармен алмасып ортақ кванттық кілт жасалады. Егер үшінші, бөтен тарап, екі адамның әңгімесін тыңдағысы келсе, онда кванттық кілтті үлестіру хаттамасы үшінші тараптың әрекетін бірден анықтайды.
Әңгімені жасырын тыңдағысы келген бөтен адам байланыс арнасы арқылы жүріп жатқан кванттық күйлерді өлшеуі қажет. Осындай өлшеу әрекеті кезінде кванттық күй өзгереді де байланыс ажыратылады.[caption id="attachment_222387" align="aligncenter" width="1744"]
Кілттер әр минут сайын автоматты түрде жаңарып отырады. Бұл ақпараттарды ұрлау қаупін азайтады. Тіпті кванттық компьютердің көмегімен де кілттерді табу қиынға соғады.[caption id="attachment_222388" align="aligncenter" width="1744"]
Алдағы 15-20 жылда кванттық желілердің негізгі пайдаланушылары ірі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Өйткені, саясаткерлер мен топ-менеджерлер үшін ақпарат пен мәліметтердің құпия сақталуы мен таратылуы маңызды болады.Сарапшылар арасында кванттық компьютерлер пайда болып асимметриялық криптография жүйесін бұзуы мүмкін деген пікірлер де айтылады. Себебі, әлеуеті өте жоғары кванттық компьютер криптографиялық кілттерді оңай тауып «сындыра» алады. Бірақ алдағы 7-10 жылда ондай компьютерлердің жаппай қолданысқа көшуі күмән туғызады. Үздік саналатын Google және IBM компанияларының кванттық компьютерлерінің өзі бүгінгі күні өте шектеулі тапсырмаларды орындайды. [caption id="attachment_222390" align="aligncenter" width="1819"]
Жақында Оңтүстік Корея зерттеушілері де кілтті кванттық тарату желісін көрсетті. Ағылшындар болса сәуір айында Лондонда кванттық желінің сынақтарын бастады.Кванттық желілерге деген қызығушылық күн санап артып, енді 10-15 жылда адамзат өркениетінің жаңа коммуникациялық ортасын қалыптастыруы мүмкін. Қазақ елі кванттық технологиялардың дамуына, зерттелуіне серпін беретін уақыт жетті деп ойлаймыз. Мемлекеттің ертеңгі тәуелсіз дамуы бүгіннен бастап кванттық жүйелерді игерумен өлшенетіні анық байқалады.