Елімізде демалыс күндері күн -5 градусқа дейін суытады

Елімізде демалыс күндері күн -5 градусқа дейін суытады

Циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуімен демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

«Атлантикалық аймақтардан антициклонның енуімен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі және жаңа аптаның басы қарай жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттармен осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ болжанады», - делінген аталған хабарламада.
Қазақстанның батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы +10 градустан -3 градусқа дейін салқындайды. Күндіз термометр бағаны 8-15 градус аралығында болады. Ал, оңтүстік-батыста 20 градус нөлден жоғары. Еліміздің солтүстік пен орталық бөлігінде түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін суыса, күндіз 5-14 градус нөлден жоғары. Шығыс облыстарда түнде 5 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 10-21 градус аралығында. Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11 градус, күндіз 15-23 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыста түнде 3 градусқа дейін салқындаса, таулы аймақтарда -5 градус аяз болады. Күндіз 7-20 градус нөлден жоғары.