Алматы қалалық полициясы заңгер Айман Асанованы өлтірді деген күдікпен 1971 жылғы Н. деген азаматты ұстады. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, ол ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында»,– деп мәлім етті полиция.