«Қасиетті домбыра» байқауы жарияланды
«Қасиетті домбыра» байқауы жарияланды
677
оқылды
«AMANAT» партиясы жа­нын­дағы «Жастар Рухы» Жас­тар қанаты тұңғыш рет әлеу­меттік желілерде «Қа­сиетті домбыра» респуб­ликалық бай­қауының бас­талғаны жайын­да хабар­лады. «Жастар өз уақытының басым бөлігін әлеуметтік желілерде өткізеді. Сондай-ақ Instagram, TikTok сынды қосымшаларда жастар арасында ұлттық болмы­сы­мыз – ұлттық аспаптада ойнау «трендке» айналуда. Осы тұста рухтастар болып олардың назарын аталған байқауға бұруды жөн көрдік. Байқаудың мақсаты – қазақ мәдениетінің қазынасы ретінде домбыраның құндылығы мен маңыздылығын көтеру және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құр­метін ояту. Жеңімпаздарға ар­найы ақшалай және бағалы сыйлық­тар қарастырылатын болады», – деді «Жастар Рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев. Байқау шарттары төмен­дегідей:
  • Қатысушы домбырада таны­мал композицияны орын­дап, өзін таныстырады (аты-жөні, тұрып жатқан аймағы, шығар­маның атауы), бейнероликті әлеуметтік желілерде жария­лайды. Байқау ұйымдастыру­шыларын белгілеп (@jastar_ruhy), келесідегі хэштегтерді жазуы тиіс: #қасиет­тідомбыраконкурс #жас­таррухы ;
  • @jastar_ruhy парақшасына тіркелу;
  • Байқау өткізу кезеңінде қатысушы парақшасының ашық болуы;
  • @jastar_ruhy ресми аккаунтының байқау жариялаған жазбасы астында 5 досын белгілеу (бұл байқау жеңімпаздарын анық­тау кезінде ескеріледі);
  • Видео форматы – Reels (16:9);
  • Жас шектеуі жоқ;
  • Фейк парақшалар есептел­мейді және конкурстық комис­сияға өткізілмейді.
Байқау қорытындысында «Дом­бырадағы ең үздік cover», «Үздік күйші» (төкпе күй), «Үздік күйші» (шертпе күй) номинация­лары бойынша 3 жеңімпаз анық­тала­ды. Әр номинацияда бірінші, екінші, үшінші орындар қарас­тырылған. Дода 14 қазан мен 14 қараша аралығында өтеді. Бұған дейін Жастар қанаты Instagram желісінде «Домбыра тартайық» челленджін бастаған болатын. Челленджді 1 000-нан астам азамат қолдап, күй тартты. Олардың ішінде «Бастау» тобы, «Адай» триосы, сазгер Дидар Исахан, Жастар қанатының аймақтық филиал жетекшілері де бар. Челлендж домбыраны басқа қырынан танытуға, оны халық арасында дәріптеуге бағытталған.