Нұрлыбекова – күміс жүлдегер

Арай Нұрлыбекова

Арай Нұрлыбекова Бах­рейнде өтіп жатқан ауыр атле­тикадан Азия чем­пио­натын­да күміс медальға ие болды.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Арай Нұрлыбекова чемпионатта 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен. Жалпы есеп бойынша 221 келіні бағындырып, күміс жүлдегер атанған. Тарқатып айтсақ, алғашқы сайыста 97 келіні жұлқи көтеріп қола медаль алса, серпе көтеруде 124 келіні еңсеріп үздік үштікке енген.

Бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер Асылжан Бектай мен Зульфия Чиншанло турнирдің алтын медалін алса, Арли Чонтей күміс медаль иеленді.

А.ЖОЛДАС

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.