Форум қорытындысы қызу талқылануда
Форум қорытындысы қызу талқылануда
309
оқылды
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қоры­тындысы белсенді талқы­лануда. Мәселен, Ақмола облыстық мә­с­лихатындағы «AMANAT» пар­тиясы фракциясының отыры­сын­да депутат Омар Шоназаров Халық­тық коалиция­ның жуырда өткен форумын тарихи оқиға деп атады.
«ҚХА Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынба­сары ретінде, дәл қазір елімізге бірлік пен тұрақтылық қажет деп санаймын. Бұл мызғымас құн­дылықтар «АМАNАТ» партиясы­ның тұғыр­намасында көрініс тапқан», – деп атап өтті депутат. Қостанай қаласында TALQYLAU өңірлік диалог алаңы­­ның отырысы өтті. Тал­қылау ба­рысында Қазақстан Ха­лық пар­тиясы Қостанай облыстық фи­лиалының төрағасы Андрей Коваль Халықтық коалицияның құрылуы қоғамның саяси тұрғыда жетілгенінің дәлелі екенін атап өтті. «Әрине, Қазақстанның әр азаматы өз қалауына қарай таңдау жасай алады», – деді ол. Алматы қаласындағы ком­мерциялық кә­сіпорынның бас­шысы Дархан Төлеуов экономи­каны дамыту мәселесіне назар аударды. «Шағын және орта биз­­нес – бұл кез келген мемле­кет­тің тірегі. Сондықтан «AMANAT» пар­тиясы өзінің Саяси тұғырна­масында кәсіп­кер­лікті қолдау мәселесіне баса назар аударға­нына қуанышты­мын», – деді ол.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Еңкес ауылында аманат­тықтар минералды су шығаратын зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
«Халықтық коалицияның белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында 400 мыңға жуық азаматтың қолын жинай алды. Әділетті Қазақстанды қоғамдағы тұрақтылықты қамта­масыз ету арқылы ғана құруға болады», – деді «Күркелес» бас­тауыш партия ұйымының төра­ғасы Мұхит Әсілов.