Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асты, – деп жазады ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Соңғы мәліметтерге қарағанда өткен тәулікте (18 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) Қытайда 1749 жаңа коронавирус жұқтыру жағдайы анықталды (Хубэй провинциясында – 1693), 136 адам қайтыс болды. 1824 адам емделіп шықты (Хубэйде 1266 адам). Осы кезге дейін ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамға жетті. Қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауға алынған. Ресми статистикаға сәйкес, індеттің ошағы – Хубэй провинциясынан басқа Қытайдың өзге аймақтарында коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны екі аптадан бері азайып келеді. Гонконгта коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді. Макаода (Аомэнь) – 10, Тайваньда – 22. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанмен шекараласатын ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелген, оның ішінде Іле-Қазақ автономиялық облысында (ІҚАО) СУАР - 18, Үрімжі қаласында – 23. Қазіргі уақытта Шыңжаңда 5 мыңнан астам адам медициналық бақылауда. Медициналық мекемелерден 12 науқас емделіп шықты.