Мұнай ұрлап, шекара асырмақ болғандар құрықталды
Мұнай ұрлап, шекара асырмақ болғандар құрықталды
259
оқылды
2022 жылғы 8-11 қазан аралығында ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысының «Жайық» темір жол өткізу пунктінде еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың алдын алды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Жағар май тиелген 20 теміржол цистернасы битумдық лактарды еріткіш «Уайт-спирит» ретінде көрсетіліп, жүкке арналған темір жол құрамдарымен тасымалданған. Ұсталған жүк құзыреті бойынша процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді", - деп жазды ведомстводан.
Шекара қызметі Қазақстандағы бензин, дизел отыны мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің шығарылуына уақытша шектеулер қойылғанын еске салады.