Мектеп баспалдағында соқтығысып қалған оқушылар бір-бірін пышақтаған
Мектеп баспалдағында соқтығысып қалған оқушылар бір-бірін пышақтаған
452
оқылды
Полиция Павлодардағы мектептердің бірінде болған жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізуде. Белгілі болғандай, 14 қазан күні сағат 17.26-да Павлодар қаласының полициясына Ткачев көшесінде орналасқан мектептің оқушылары арасындағы жанжал фактісі бойынша полицияға хабарлама түскен.
"Полиция қызметкерлері үзіліс кезінде сағат 16.35-те баспалдақ алаңында 7 және 8-сыныптардың (2008 және 2009 жылы туған) екі оқушысы арасында иық соқтығысуына байланысты жанжал туындағанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың бірі екіншісінің беті мен желке аймағына кеңсе пышағымен дене жарақатын салған, сондай-ақ өзінің оң қолының саусақтарын жарақаттаған", - деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арай Төлемісова.
Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін екеуі де үйге амбулаториялық негізде жіберілген. Жәбірленушінің ата-анасы арыз беруден бас тартты. Дене жарақатын келтірген оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.