Күзгі салқында тұмау жұқтырып алмаудың жолдары қандай?
Күзгі салқында тұмау жұқтырып алмаудың жолдары қандай?
1,199
оқылды
Танымал иммунолог, педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор Андрей Продеус күзде тұмау жұқтырып алмаудың жолын айтты. Маманның сөзінше, ең бастысы - иммундық жүйені нығайту.
"Иммунитет демалуы керек. Ағза көбіне қалпына келетін кезең - 23.00 мен 03.00 аралығы", - дейді дәрігер.
Сонымен қатар иммунитет әлсіреп кетпеуі үшін стресске түспей, дұрыс тамақтанып жүру қажет. Иммунологтің сөзінше, суықтың таралуына сырттағы теріс температура әсер етпейді. Бұл суық және тұмаумен ауыратын адамдар тарататын "инфекциялық агенттен" туындайды. Дәрігер вакцина салдыруға кеңес берді.