Астанада жұрттың көзінше қызын сабаған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды (видео)
Астанада жұрттың көзінше қызын сабаған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды (видео)
984
оқылды
Астанада 10 жасар қызын көшеде көптің көзінше ұрған әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қыз қатты жылағандықтан, айналадағылар оған назар аударып, іле-шала болған оқиғаны видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеода кішкентай қыздың басын машинаға соққан әйелді көруге болады.
"Мама, жұмыс істеймін мен" деп өз кезегінде шырқыраған жалаңаяқ қызды ақырында әйел көлігіне салады.
Полиция қызына қатыгездік танытқан әйелді тауып, болған оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Әлеуметтік желіні мониторингтеу кезінде бейтаныс әйелдің кәмелетке толмаған қыз балаға қол жұмсаған видеосы анықталды. Тексеруден кейін олар 52 жастағы әйел мен оның 10 жасар қызы екені белгілі болды. Қазір ювеналды полиция қызметкерлері әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық  кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Болған іске қатысты ақтық шешімді Астана қаласы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қабылдайды", - деп мәлімдеді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.