Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды
Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды
238
оқылды
Ақмолалық әйел интернетте қысқа уақытта көп ақша табуды жарнамалаған сілтемеге өту арқылы алаяқтардың тұзағына ілінген. Интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен Ақмола облысы тұрғынының кезекті өтініші Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 11 қазанда келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, қыркүйекте Instagram әлеуметтік желісінде оның назарын капиталды көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық тұрғын бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына кеңесшіден қоңырау түскен. Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Әйелде бұл алаяқтар болуы мүмкін деген күдік бірнеше рет пайда болған, алайда адамды сендірудің жоғары қабілетіне ие алаяқтар оны сендіріп, сонымен қатар гипноздағандай болған. Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған. Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома - 5 миллион теңгеден астам. Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.