Бес өңірде ескерту жарияланды
Бес өңірде ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

16 қазанда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

16 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында 16 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

16 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.