Ұлытау облысында жоғалып кеткен 4 балықшы байланысқа шықты 

Ұлытау облысында жоғалып кеткен 4 балықшы байланысқа шықты 

Ұлытау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыдан хабар келді, деп хабарлайды Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

«18-35-те балықшылар байланысқа шықты. Жезді ауылынан 20 км жерде көліктері бұзылған (медициналық көмекті қажет етіп отырған жоқ)»,-делінген Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Ұлытау облысында үш күннен бері хабарсыз балықшыларға іздеу салынғанын хабарлаған болатынбыз.