Атырау облысында 2 тоннаға жуық заңсыз балық аулағандар ұсталды
Атырау облысында 2 тоннаға жуық заңсыз балық аулағандар ұсталды
422
оқылды
Атырау облысында 2 тоннаға жуық заңсыз балық аулағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 5 қазан күні Атырау облысы Полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі мен Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Бекіре-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Құрманғазы ауданы Шарон өзені жағасынан 48 жастағы және 31 жастағы аудан тұрғындарының басқаруындағы екі қайығы тоқтатылып, тексеру кезінде 1,4 тонна қара балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының полиция бөлімімен ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданы Шора өзені жағасынан 34 жастағы және 33 жастағы аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығы тоқтатылып, тексеру кезінде 300 келі қара балық тәркіленді.