Есірткіні айранның ішіне салып, абақтыға өткізбек болған күдікті ұсталды

Есірткіні айранның ішіне салып, абақтыға өткізбек болған күдікті ұсталды

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдеме ішінен есірткі табылды. ЗК-169/1 мекемесінің тергеу-қамауында отырған азаматқа танысы есірткі өткізуге әрекеттенген. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің маманы Дана Дастанова: «Танысына келген азамат 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткі өткізбек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді.