Ұлытау облысында жоғалған төрт балықшы 15 қазанда сағат 18.35-те байланысқа шықты. ТЖМ-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Жезді ауылынан 20 шақырым жерде олардың автокөлігі бұзылып қалған. Ер адамдар медициналық көмекті қажет етпейді. 13 қазанда Дуылғалы өзені аумағында балықшылармен байланыс үзілген. Екі күннен кейін олардың туыстары ТЖД-дан көмек сұрады. Айта кетейік, кеше Ұлытау облысында төрт балықшының бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.