Қазақстандық файтер Федор Емельяненконы үлгі тұтқан

Қазақстандық файтер Федор Емельяненконы үлгі тұтқан

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) бала кезінде кімді үлгі тұтқанын айтып берді, - деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Үлкен ағаларым мені көп төбелестіретін. Ешқашан "жоқ" деген емеспін. Шамамен барлығын жеңетінмін. Тек жасы үлкендерден жеңілетінмін. Кішкентай кезімнен жекпе-жек тамашалауды жақсы көрдім. DVD-дискіден көрдім. Федор Емельяненко ұнайтын. Мирко Крокоптың айқастарын жібермейтінмін. Кейін өзім өнер көрсете бастадым. Содан соң ММА-ға толық ауыстым. Жоғарыдағы спортшылар секілді чемпион болатынымды сездім. М-1 ұйымында өнер көрсеткендегі мақсатым тезірек белбеу алу еді. Мен оны істедім. Сосын оны қорғап, UFC ұйымына ауыстым", - деді Рахмонов.