Қыздар қан-жоса болғанша айқасты
Қыздар қан-жоса болғанша айқасты
915
оқылды
Екінші жеңіл салмақта IBF чемпионы 27 жастағы аустралиялық Чернека Джонсон белбеуін сәтті қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол өзінің 43 жастағы отандасы Сьюзи Рамаданды жеңді. Мельбурнде өткен жекпе-жекте толық он раунд өтті. Төртіншісінде Джонсон қарсыласын нокдаунға түсірді, алайда  ары қарай нокаутқа жеткізе алмады. Төрешілер - 97-90, 96-92, 96-91 есебін тіркеді. Айта кету керек, екінші раундтан бастап рингте нағыз қанды айқас басталды. Боксшылар баспен соғысып, екеуі де жарақат алды. Чемпионның жарақаты жеңілдеу болды деуге келеді, ал қарсыласының көзі маңында терісі жырылып, мұрны да қанады.