Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды
Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды
Фото: egemen.kz
441
оқылды
Қазақстандық ауыр атлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды. Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 277 келіні (жұлқуда 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша, Азия чемпионы атанды.    width= Аталған салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.