Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с құрайды. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстікте, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, күндіз Петропавлда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 23-28 м/с құрайды деп күтіледі.